386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында көліктің қосалқы бөлшектерін ұрлау жиілеп кетті

  • 532
  • UPD: 07:16, 24.12.2018
Жамбыл облысында көліктің қосалқы бөлшектерін ұрлау жиілеп кетті

Жамбыл облысында жыл басынан бері 666 автокөлік бөлшегін ұрлау дерегі тіркелген.

Жеңіл жолмен пайдаға кенелгісі келгендердің қитұрқы әрекеті әсересе Тараз қаласының мөлтек аудандарында жиі белең алуда. Тәртіп сақшылары ұрыны ұстап, қылмысы дәлелденіп тұрса да қайта бостандыққа жіберуге мәжбүр. Өйткені жәбірленуші тарап кешіріммен қарап, өзара татуласып, ұры жазадан құтылып кетеді. Мәселен, Тараз қалалық №2 сотында 11 айда ұрлық бойынша 72 іс қаралған. Оның 33-і тараптардың татуласуына байланысты өндірістен қысқартылды. Жамбылдық полицейлер автокөліктерге қатысты ұрлықтың 63 процентін ізін суытпай ашқан. 

Гүлсара Мұқтарқұлова, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Осы жылдың 15 желтоқсанына дейінгі кезеңде осындай ұрлық түрінің 666 дерегі тіркелді. 253 жағдайда аккумулятор ұрланды. Жалпы автокөліктерге қатысты осындай ұрлық дерегінің 63,1 пайызы ашылды, сонымен қатар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда барлық ұрлық түрлерінің тіркелуі 23,10 пайызға төмендеп, ашылуы 5,4 пайызға өсті.

Хабар 24 телеарнасы