383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды

  • 856
  • UPD: 23:27, 24.12.2018
Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды Túrkistan

Атырау облысындағы Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылу дерегіне байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметі бойынша, аймақтағы өлі балықтың қатары 10 тоннаға жетті. Өзеннен алынған су сынамасы бойынша хлордың көрсеткіші өте жоғары, ал балықтың өзінде аммиак элементтері табылған. Лабораториялық зерттеулердің нақты қорытындысы желтоқсан айының соңында белгілі болады.

Сәкен Ділдахмет, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметкері:

- Бүгінгі күнде Луговской зауытында 3,5 мың тонна бекіре тұқымдас балық жиналса, ал Орал-Жайық бекіре өсіру зауытында 1,5 тонна балық жиналды. Осы аталмыш фактіге байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. 328 және 336 бойынша Атырау облыстық Экология департаментімен жоспардан тыс кәсіпорындарды тексеру жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы