384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада цифрлық ХҚКО ашылды

  • 753
  • UPD: 23:25, 24.12.2018
Қызылордада цифрлық ХҚКО ашылды

Сырбойылықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында операторға жүгінбей, өздігінен қызмет түрлерін қолдана алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалында цифрлы сектор ашылды. Мұнда тұрғындар арнайы стенд-павильондарда орналасқан қоғамдық қолжетімді пункттер және планшеттердің көмегімен өтінімдерді өз бетінше тапсыра алады. Сондай-ақ келушілердің электронды форматқа ауыстырылған бизнес процестер мен ақпараттық қорды пайдалануына мүмкіндік жасалған. Өңірде өз-өзіне қызмет көрсету секторы арқылы жүзеге асырылған құжаттық операциялар көрсеткіші 72%-ке артып отыр. Бұл қызылордалықтардың цифрлық дағдыларды меңгеру бойынша сауаттылығының жоғарылағанын көрсетеді. Енді жуырда еңбек қатынастарын реттейтін миграциялық қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр. 

Айдын Қайруллаев, «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыс бойынша филиал директоры:

- Цифрлы ХҚКО арнайы компьютер және экран өзге де құрылғылар қойылған. Сондықтан халыққа оқу класы ұйымдастырылған. Бұның ішінде тұрғындар үйренуге және қызметті өздігінен алуға мүмкіндіктер жасалып отыр. Көші-қон қызмет көрсету орталығына арнайы штат бөлінді. Ол жаңа жылдың бас жағында арнайы ашылуы көзделуде.

Ғалымжан Ілкібаев, ҚР МҚІСЖҚІА облыс бойынша департаментінің  басқарма басшысы:

- ХҚКО, МХҚКО қызметтерді көрсетуші, көмекші, делдал азаматтарды әшкерелеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықтың бір көрінісі болып табылады. Осы көмекші азаматтар, яғни тиісті сомаға өз қызметтерін көрсетеді. Осы аталған көмекші азаматтарға жүгінбеуді сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы