388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы жаңа жылдық думанға облыстан 180 бала қатысты

  • 567
  • UPD: 23:30, 24.12.2018

Олардың барлығы да оқуда озат, шығармашылық пен спорт саласында жетістікке жеткен дарынды бүлдіршіндер, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік кеште балғындар ит жылын шығарып салып, есіктен кіргелі тұрған доңыз жылын қарсы алды. Үлкен экраннан Елбасының құттықтауын мұқият тыңдады. Сондай-ақ облыс басшысымен бірге шыршаны айнала ән айтып, би билеп, көңіл көтерді. Аяз Атаның қоржынынан дәм татып, мәре-сәре. Ал театрландырылған қойылым бүлдіршіндерге ертегі әлеміне енгендей әсер қалдырды. Кеш соңында жиналған барлық балаға планшет пен ойыншық, кітаптар және 50 мың теңгенің сертификаты сыйға тартылды. Бұған қоса жаңа жылда 300-ге жуық үздік оқушы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберілмек.

Дания Үсенова, мектеп оқушысы:

- Біз, «Қуаныш» ансамблі сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймыз. Зор денсаулық тілейміз. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Әрқашан да қуанышты болып жүріңдер және бүгінгі түнде армандарыңыз орындалсын.

Хабар 24 телеарнасы