384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы қоғамдық көліктердің барлығы электронды билетке көшеді

  • 524
  • UPD: 08:13, 25.12.2018
Қарағандыдағы қоғамдық көліктердің барлығы электронды билетке көшеді

Қарағандыдағы қоғамдық көліктердің барлығы 2019 жылдан бастап электронды билетке көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге 10 автобусқа арнайы терминал орнатылды, қалғаны Оңтүстік Кореядан тек қаңтар айында жеткізілмек. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қазір қалада барлығы 600-ге жуық автобус бар. «Оларды толық қамту үшін кемінде 3 ай уақыт керек», - дейді мамандар. Ең бастысы, жол ақысы өзгеріссіз, 80 теңге күйінде қалады. Төлем карталарын дүңгіршектерден, дүкендерден 500 теңгеге сатып алуға болады. Кейін оған арнайы терминалдар арқылы ақша салып отырасыз. Егер қолыңызда карта болмаса, жол ақысын ақшалай төлеуге де мүмкіндік бар. Ал мүлдем төлемеген жағдайда айыппұл салынуы мүмкін.

Ескендір Қабидолла, қалалық ТҮКШ жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Жаңа жүйенің жұмысы бір арнаға түскенше автобуста билет тексерушілер көп болады. Ақша төлемегендерге бірден айыппұл салынатынын ескертеміз. Кейін жолаушылар жаңа тәртіпке үйренген соң, билет тексерушілер санын да азайтамыз.

Хабар 24 телеарнасы