386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коммуналдық тарифтерді төмендетудің нəтижесінде ел тұрғындары 28 млрд теңге үнемдемек

  • 551
  • UPD: 12:10, 25.12.2018

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің 14 өңірінде жылу тарифін төмендету көзделіп отыр.

Нәтижесінде жалпы ел тұрғындары жылу үшін шамамен 6 миллиард теңгесін үнемдемек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, алдағы 1 қаңтардан бастап республиканың 16 аймағында су ақысы да арзандайды. Мысалы, Қызылорда өңірінде тариф 22,7% төмендетілмек. Бұл жайында Үкімет отырысында мәлім болды. Жиында тағы қандай өзекті мәселелер талқыланды?

2018 жылдың 24 желтоқсанындағы жағдай бойынша елімздің 3 өңірде жылуға арналған тариф төмендетілді. Атап айтсақ, Ақмола облысы шамамен 37% ға яғни 116 теңгеден 73 теңгеге, Солтүстік Қазақстан облысында 114 теңгеден 113 теңге 4 тиынға, ал Шығыс Қазақстанда 70, теңгеден 68 теңгеге арзандатылған.

Су бойынша Жамбыл облысында тариф құны төмендетілген. Атап айтсақ, бұл аймақта су тарифі 22%, яғни 52 теңгеден 40 теңге 8 тиынға арзандап отыр. Қалған 16 өңірде коммуналдық төлем жаңа жылдан бастап кемімек.

Энергетика министрлігі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде электр энергиясы станциясының көтерме бағаларын төмендету туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде еліміздің барлық аймағында жарық құны арзандамақ.

Атап өтейік, коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетудің нəтижесінде ел тұрғындары жалпы құны шамамен 28 млрд теңгесін үнемдемек.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы