386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Егемен Қазақстан» газетінің цифрлық архиві жасалады

  • 1457
  • UPD: 21:43, 25.12.2018

Басылымның жарық көрген барлық саны толықтай электронды нұсқаға көшіріледі. Елімздің бас газеті 100 жылдық мерейтойына орай  бұдан өзге тағы  бірнеше жобаны қолға алды. Басылымның жылнамасы ретінде 10 томдық кітап жарыққа шықпақ. Газетті шет елдерге тарату жөнінде де бірқатар келісімдер жасалды. Сосын осы күзден бастап Американың Нью-Иорк Таймс басылымында жарияланған ең таңдаулы мақалалар қазақ тіліне аударылып, «Егемен Қазақстанда» жариялана бастады.

Ел газеті «Егемен Қазақстан» келесі жылы 100 жылдық мерейтойын тойлайды. Ең алғаш рет басылым 1919 жылы Ұшқын деген атпен оқырмандарының қолына тиген еді. Содан бергі ғасырға жуық уақыт ішінде  бірнеше мәрте аты ауысқанымен мазмұны, бағыт-бағдары өзгерген жоқ. Уақыт талабына қарай жаңарып, замауи негізде жұмыс істеп келеді. 

Айбын Шағалақов, «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы:

- Заман талабына қарай газетімізде дизайндық өзгерістер болды. Бұрынғы А 2 форматына Д 2 форматына көшті. Дизайн өзгерді. Материалдардың көлемі қысқарды. Сапасына көп көңіл бөлінді.  

Егемен Қазақстан газетінде 100 ден астам адам еңбек етеді. Басылымның барлық облыс орталықтарында және Польша, Түркия және Оңтүстік Кореяда меншікті тілшілері бар. Газет оқырмандарға барынша қолжетімді болу үшін электрондық нұсқасын да іске қосты.    

Абай Отар, «Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі:

- Біздің сайтта Егемен ТВ деген жоба ашылды. Ол бойынша біз көптеген видеолар түсіріп жатырмыз. Енді-енді қолға алып жатырмыз. Жаңа жылдан бастап іске қоспақпыз.  Оның аясында біз түрлі қызықты видеолар сұхбаттар жариялар отырамыз. 0133 Инфографикаға, графикаға, фоторепортаждарға, мультимедиялық контентке үлкен басымдық беріп жатырмыз.    

Газеттің басты жаңалықтарының қатарында биылдан бастап аптасына бір рет  Нью-Иорк Таймс басылымының ең таңдаулы материалдарын қазақ тіліне аударып басып шығаруы. Оған толықтай бір бет арналады. Бүгінде  Егеменнің тиражы 200 мыңға жеткен.  Келесі жылы газетті Ресейдегі қазақ диаспорасы көп шоғырланған аймаққа жеткізу туралы келісім жасалды. Алдағы уақытта  Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолияға тарату жоспары бар.

Хабар 24 телеарнасы