385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында газды тұрмыстық мақсатқа қолдану қауіпсіздігі тексерілді

  • 811
  • UPD: 23:44, 26.12.2018

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысындағы газбен қамту мекемесінің мамандары төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге рейдке шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат - аймақтағы газ тұтынушы елді мекендерде оны қолдану ережесінің сақталуына, көз жеткізу.

Бұл - рейдтік шара барысында жасалған жедел түсірілім. Көбі ирандық алды ашық пештің мұржасынан шығатын ауа сору жолын қолдан жасап алған. «Бұл өрескен заңбұзушылық болып саналады», - дейді мамандар.

Абзал Садуақасұлы, Төлеби ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері:

- Өздеріңіз көріп отырғандай, мына тұрғынның газ қолдану пеші дұрыс жалғанбаған. Бұл бәірінші кезекте адамның өзінің өміріне қауіпті. Өздеріңіз байқағандай, бұл территорияда балалар отыр. Деректерге сүйенетін болсақ, уланған адамдардың көпшілігі ол жасөспірімдер мен жас балалар.

Кілтипан шыққан үй иелері газ беруді тоқтатпауды өтінеді. «Қатені түзейміз» дейді. Бірақ,газ қызметінің мамандары заңнан аттай алмайды. Ереже бойынша акт толтырып, газ беру жүйесін өшіреді. Бір қызымен тұрып жатқан мына келіншек дәл осындай жағдайға тап болды. Өйткені былтыр екеуі де иіс тиіп, ауруханаға түскен екен. Бірақ үй иесіне бұл да сабақ болмапты. Жалпы мұндай оқиға көп.

Бауыржан Байтөреев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының бас маманы:

- Біздің мақсат - мұндай үйлерді анықтау ғана емес. Осы арқылы газды қолдануға немқұрайлы қараудың соңы қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін екені еске салу. Сондықтан тұрғындардан мұржаларын мұқият тексеруді сұраймыз.

Газдан уланудың алғашқы белгілері - бас айналып, адамның құсқысы келеді. Үй ішінде газ бірнеше минуттың өзінде дұрыс қолданылмаса, осындай оқиғаға тап боласыз. Түркістан облысында осы айда үш адам газдан уланып, мерт болған. Тағы үшеуі ауруханаға түскен.

Авторы: Оңалтай Қуандық

Хабар 24 телеарнасы