387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жаңа жыл мәзіріне қажет азық-түліктің кейбірі талапқа сәйкес келмейді

  • 782
  • UPD: 08:53, 27.12.2018

Жаңа жылдық дастарқан мәзірін әзірлеуге қажетті деген 171 азық-түлік түрінің 37 пайызы техникалық регламент талаптарына сай келмейді.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова хабарлады.

«Мұндай мәлімет жаңа жыл қарсаңындағы арнайы зерттеуден кейін анықталып отыр. Айзат Молдақасымованың айтуынша, осы өнімдердің кейбірі дұрыс таңбаланбаса, бірқатары микробиологиялық қауіпсіздік тұрғысынан сәйкес келмеген. Талапқа сай келмейтін өнімдер сатудан алынып, айыппұл салынған. Сондай-ақ биыл жыл басынан бері 53 адам тамақтан уланған. Сондықтан мамандар азық-түлік сатып аларда құрамы мен шыққан мерзімін мұқият тексеруді және күмәнді жерлерден тамақтанбауды ескертіп отыр.

Айзат Молдақасымова, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаметінің жетекшісі:

- Уланудың 80 пайыздан астамы үйде дайындалған тамақтан болып отыр. Яғни тазалыққа дұрыс көңіл бөлмейді деген сөз. Бұған қоса азық-түлікті сақтаудың ережелері ескерілмейді.

Хабар 24 телеарнасы