383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда БАҚ саласындағы жылдың үздіктері марапатталды

  • 483
  • UPD: 11:02, 27.12.2018
Таразда БАҚ саласындағы жылдың үздіктері марапатталды

Таразда дәстүрлі жылдың үздік ақпараттық материалдар байқауының қорытындысы жарияланды. Салтанатты шара кезінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов 30-ға жуық БАҚ өкілін марапаттады.

Сала ардагерлеріне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі табысталды. Байқау қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен рухани өмірі туралы үздік материал дайындаған журналистерге алғыс хаттар табыс етілді. Аталған байқауда «Үздік теледидарлық сюжет» номинациясы бойынша бірінші орынды біздің жергілікті тілшіміз Руслан Бақытбекұлы жеңіп алды. Ал жүлделі үшінші орынды «Хабар» телеарнасының тілшілері Қырмызы Молдабекова мен Анастасия Сулейманова иеленді.

Берік Уәли, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Әркімнің жасаған, атқарған, берген материалдарына орай біз осы еңбектерін бағалап отырмыз. «Хабар 24» телеарнасы үздіктердің қатарынан  табылып, жеңіске жетіп отыр. Құттықтаймыз. Елдің дамуына, еліміздің экономикасын өсуіне, проблемаларды көтеріп елге жеткізуге атсалысып жүрген барша 4 билік өкілдерін мерекемен құттықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы