387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жолда қалған 7 автокөлік құтқарылды

  • 372
  • UPD: 23:17, 27.12.2018
БҚО-да жолда қалған 7 автокөлік құтқарылды Zakon.kz

Соңғы күндері Батыс Қазақстан облысындағы көктайғақ салдарынан 7 автокөлік жол жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға құтқарушылармен жол мамандары дер кезінде көмек берді. Қар құрсауында қалған 13 адам жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Қазір ТЖ департаменті облыс тұрғындарына тас жолдарың жабық екендігі туралы СМС хабарлама жіберіп жатыр. «Қазгидрометтің» мәліметінше, аймақта 30 желтоқсанға дейін көктайғақ пен боран болып, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге дейін еседі. Түнгі уақыттарда тас жолдар жабылады. Мамандар тұрғындардың алыс жолға шықпауын және сақ болуын сұрап отыр.

Ақылбек Ахметжанов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Ақпаратты СМС құралдары бойынша барлық тұрғындарға жеткізіп жатырмыз, дегенмен де ол ескертуді ескермей, көп жолаушылыр жолға шығып кетеді. Кеше Орал-Атырау тас жолында жолдан түсіп кеткен көлікті жолға шығарған болатынбыз. Тағы да сол сияқты көптеген техникалар жолдан түсіп кетіп, жолдан аударылған оқиғалар болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы