384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың Жаңа жыл мерекесіне дайындығы қалай

  • 766
  • UPD: 23:31, 27.12.2018

Жаңа жылдық көңіл-күй бас шаһарда да сезіледі, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бас шыршаның шамдары жағылғалы шаһарда мереке алды дайындық қызу. Қазірге дейін Астана тұрғындары мен қонақтары үшін 12 тақырыпты қамтитын алаң ашылды.  

Аспанмен таласқан шыршалар, түрлі-түсті безендірулер мен ойыншықтар көздің жауын алатыны сөзсіз. Бұл сиқырлы әлем әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлайды. Биыл бас шаһарымыздағы ең ірі мұз қалашықтары Ботаникалық саябақ, «Хан Шатыр» және қалалық әкімдік алдында бой көтерді. Ал Байқоңыр ауданындағы Кирпичный және Өндіріс тұрғын алаптарында алғаш рет мұз қалашықтары жасалды.

Арайбек Хамзаев, Байқоңыр ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

- Өндіріс тұрғын алабында 30 мыңнан астам, ал Кирпичный алабында 23 мыңнан астам адам тұрады. Бүгінгі таңда халықтың ризашылығы көптен-көп келіп жатыр. Одан бөлек ауданның әкімшілігімен аудан бойынша 5 жаңажылдық шырша орнатылған. Және 8 шағын және орта бизнес субьектілері де өз кәсіпорындарының алдарында жаңажылдық шырша орнатылған.

Жалпы, биыл елордада 12 тақырыптық алаң қызмет көрсетеді. Бос уақытыңда таза ауада демалып, конькимен сырғанауды қалайтындарға 32 мұз айдыны ашылды. Ал кішкентай балалар үшін, я болмаса балалық шақты еске алуға ниетті азаматтар үшін 36 мұз төбешік жасалды.

Нарима Мұхамбеталина, қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда Astana Winterland атты фестиваліміз өзінің жұмысын бастап кетті. Осы фестивальдің аясында біздің ең үлкен 3 мұз қалашығымыз жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан театрларымыз өздерінің жаңа қойылымдарымен, біздің музейлеріміз өздерінің жаңа экспозицияларымен және де біздің қаладағы 16 кітапханамыз жұмыстарын атқарып жатыр, кездесулер, дәрістер, балалармен кездесу, танымал тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылуда.

Қалалық әкімдік Астанамызды безендіруден бөлек мерекелік шараларға да ерекше ден қойған. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Бақыт құсы» цирк бағдарламасы, «Қар ханшайымы» ертегісі және түрлі концерттер мен ертеңгіліктер ұсынылады. Бұдан бұлек, спортсүйер қауым шаңғы тебуден жаңажылдық жүгірісті, тіпті пимамен хоккей спорт түрінен турнирді тамашалай алады. Ал отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт пен отшашу 31 желтоқсанға жоспарланған.

Нарима Мұхамбеталина, қалалық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- 31 желтоқсанда түн жарымда үлкен мерекелік отшашумен аяқталады. Ол отшашуды біздің астаналықтар үлкен қаламыздың әрбір аймағынан көре алады. Себебі ол 3 жерден беріледі. Есіл өзені жағалауына, «Хан Шатыр», Пушкин көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысынан.

Ал Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда Аяз Атаның үйі ашылды. Балалар кез келген уақытта Аяз Атамен кездесіп, көпшілік алдында өз өнерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Авторлары: Айнұр Ақылбайқызы, Ерзат Заитхан

Хабар 24 телеарнасы