389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ұстаз мерейі – ел мерейі» байқауы: «Хабар 24» телеарнасының тілшісі үздік шықты

  • 935
  • UPD: 23:40, 27.12.2018

Жыл бойы ұстаз мерейін асқақтатып, мұғалімдердің еңбегін насихаттап келген журналистердің бірқатары мараптаттауға ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мереке  қарсаңында салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырған «Ұстаз мерейі – ел мерейі» байқауының қорытындысы шықты. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен келіп түскен жұмыстар тәуелсіз сарапшылардың таразысынан өткен. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Үздіктердің қатарында арнамыздың тілшісі Қорған Төреқожа бар.

Қорған Төреқожа, «Хабар 24» телеарнасының тілшісі:

- Жалпы, бұл байқауға 63 автордан 138 жұмыс келіп түскен екен. Осы байқауда біздің еңбегімізді бағалап жатқанына алғысымызды білдіреміз. Бұл ең алдымен менің емес, бүкіл ұжымның еңбегі деп білемін. Сондықтан, жеңіс құтты болсын!

Майра Амантаева, ҚР Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

- Біздің білім саласының қызметкерлері педагогтардың мәртебесін көтеру үшін Елбасы заң шығару жөнінде тапсырма берді. Педаготың мәртебесін көтеретін болсақ, ол елдің мәртебесі. Болашаққа жасалған инвестиция.

Хабар 24 телеарнасы