384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қоғамдық көліктер жаңартылып жатыр

  • 722
  • UPD: 08:42, 28.12.2018
Алматыда қоғамдық көліктер жаңартылып жатыр

Алматыда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық көліктерді жаңартып, жаңа бағыттар желісін көбейту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар басшысы Бауыржан Байбек 141-ші бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған автобустармен танысты. Мамандар бұл қоғамдық көліктердің барлығы «заман талабына және Еуро-5 экологиялық стандартына сай жасалған» деп отыр. Жаңа автобустар 30 желтоқсанынан бастап Айнабұлақ ықшамауданы мен «Мост»  аялдамасаның арасында қатынайды. Тағы бір айта кетерлігі, бұл жаңа көліктердің жүргізушілері де бірыңғай киім киеді. Жалпы биылғы жылы Алматы қаласында барлығы 479 жаңа автобус әкелінді. Қала басшылығы келер жылы тағы 600 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Олардың басым бөлігі бюджеттен тыс қаржы есебінен әкелінбек. 

Хабар 24 телеарнасы