383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында биыл 145 жобаға 136 млн теңге бөлінді

  • 663
  • UPD: 08:53, 28.12.2018
Қостанай облысында биыл 145 жобаға 136 млн теңге бөлінді ult.kz

Бір миллион теңге қайтарымсыз қаражат алып, қалаған кәсібіңді аш.

Арнайы жоба аясында Қостанай облысының жастарына осындай тиімді ұсыныс жасалуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ қойылатын бір талап бар. Қатысушыларға алты айға дейін тұрғындарға тегін қызмет көрсету қажет. Мәселен, дүкен ашсаңыз тұтынушылардан тауарлар үшін ешқандай қаржы алынбауы тиіс. Жоба жастарды кәсіпкерлік әліппесімен таныстырумен қатар әлеуметтік жауапкершілікті жүктеуге бағытталған. Биыл өңірде жүзеге асқан 145 жобаға 136 млн теңге бөлінді. Тағы осындай көлемдегі қаражат қатысушыларға шәкіртақы төлеуге жұмсалады. Игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.

Аманкелді Қоянбаев жас кәсіпкер:

- Жоба біткесін «Бизнес бастау» курсында оқып, «Атамекенге» бизнес жоспар тапсырып, несие алуды ойлап жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы