384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қыздарды көлікпен қаққан күдіктіге қатысты сот отырысы басталды

  • 352
  • UPD: 21:13, 28.12.2018

Петропавлдағы түнгі клубтың алдында екі бірдей қыз баланы көлікпен соғып, із суытқан күдіктіге қатысты сот отырысы басталды.

Оқиға 15 қыркүйекте болған. Қатты соққының салдарынан 25 жастағы Ксения Овсянникова ауруханаға түсіп, бірнеше күннен кейін көз жұмды. Ал екінші жәбірленуші түрлі дене жарақатын алып, әлі күнге дейін ем-дом қабылдап жатыр.

Айта кету қажет, сол күні күдіктінің ішімдік ішкендігі анықталды. Оның үстіне оқиға орнынан қашып кетіп, бірнеше ай бойы Ресейде бой тасалап жүрген. Кейін өз еркімен полицияға берілді.  

Людмила Волвенко, марқұмның сіңлісі:

- Қазір айыпталушы тарап бізден кешірім сұрау үшін күнде хабарласады. Татуласып, өтінішімізді алып кетуімізді өтінеді. Бірақ амал не? Сіңлімді қайтара алмаймыз ғой. Сондықтан күдікті заң алдында толықтай жазасын алғанын қалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы