384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік сатып алу туралы заңдағы өзгерістер негізгі үш мәселені шешеді

  • 802
  • UPD: 20:17, 28.12.2018
Мемлекеттік сатып алу туралы заңдағы өзгерістер негізгі үш мәселені шешеді

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор туралы заң жобасына өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Қаржы министрлігінің департамент директоры Сәбит Ахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, заң үш негізгі проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Алдымен, сатып алу шараларының шамадан тыс реттелгендігі, сатып алуға қатысушылардың біліктілігінің төмендігі және үнемі бір жерден сатып алу үлесінің көптігі. Сонымен қатар енді тапсырыс берушілер сатып алу кезінде тауарлардың фирмалық атауларын көрсете алады.

Сәбит Ахметов, ҚР Қаржы министрлігі департамент директоры:

- Бұл заң жоба сапаны жоғарылатуға бағытталған. Сондықтан көп нормалар енгізілді. Біріншіден жергілікті атқару органдары ішіндегі кіші бюджеттері бар біздің балабақшалар, мектептер мүмкіндік беріп отырмыз. 100 мрп-дан 500 мрп-ға көтеріп отырмыз. 1 млн 200 мың теңгеден астам бір көзден сатып алуға.

Хабар 24 телеарнасы