389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет отырысында тарифтерді төмендету жайы талқыланып жатыр

  • 781
  • UPD: 12:13, 29.12.2018

Үкіметтің биылғы соңғы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі мен тарифті төмендету жайы талқылануда.

Қолға алған бастамалары оңтайлы орындалса, ел бойынша 28 млрд теңге үнемделуі тиіс. Сәтін салса, Мемлекет басшысы қойған тапсырмалар жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап қолға алынады. Бүгінге дейін 3 өңірде жылуға арналған тарифтер төмендеді. Олардың қатарында Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлер алдағы айға қам жасап жатыр. Ал Ұлттық экономика министрі газбен жабдықтау бойынша Атырау мен Қызылорда облыстарында газдың бағасы төмендемейтінін жеткізді. Себебі мұнайлы аймақта отын бағасы онсыз да төмен, ал Сыр өңірінде инвестициялық бағдарламалар орындалғандықтан, тарифтерді төмендетуге резерв жоқ.

Бүгінгі отырыста Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет басшысына баяндама жасап, барлық өңірде тариф құны төмендегенін жеткізді

Хабар 24 телеарнасы