383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық ақын-жазушылар «Жылылық сыйлаңыз» акциясын қолға алды

  • 504
  • UPD: 13:30, 29.12.2018
Павлодарлық ақын-жазушылар «Жылылық сыйлаңыз» акциясын қолға алды

Павлодарда Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен жас ақын-жазушылардың қоғамдық бірлестігі «Жылылық сыйлаңыз» атты акцияны қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастамашыл топ шағын автобуспен қала көшелерін аралап, аязда тоңғандарға ыстық шай таратады. Сонымен қатар қоғамдық көлік күтіп, аялдамада ұзақ тұрып қалған қарт адамдар мен мектеп жасындағы балаларды үйлеріне жеткізеді. Ұйымдастырушылар аязды күндері далада жұмыс істейтіндердің көп екенін байқапты. Олар коммуналдық апаттарды жою, электр желілеріндегі ақауларды қалпына келтіру, қар тазалау, мұз ою жұмыстарын атқарады. Бұл акция, бір жағынан, еңбек адамдарын қолдауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетсек, бір апта бойы өңірде 38 градус аяз болған еді.

Жұмабек Сманов, қоғамдық бірлестік өкілі:

- Аязды күндері бір-бірімізге деген мейіріміміз, жанашырлығымыз көрсетілуі керек. Бұнымен ғана шектелмей кешкілік уақыттарда жұмыстан шыққан адамдарды тоңып, жаурап жүрген адамдарды тегін жеткізіп салу акциясын қоса жүргізіп жатырмыз.

Қабдеш Баяндин, соғыс ардагері:

- Далада тоңып жүрген адамдар бар ғой. Соларға мына ыстық шай беріп, қайырымдылық жағасандарың дұрыс. Жаңа жыл құтты болсын.

Хабар 24 телеарнасы