389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Әлем» музей-сферасына кіруге 50% жеңілдік жасалады

  • 682
«Нұр Әлем» музей-сферасына кіруге 50% жеңілдік жасалады Mega Ice

30 желтоқсан-2 қаңтар аралығында ЕХРО қалашығы аумағындағы «Нұр Әлем» музей-сферасына кіруге 50% жеңілдік жасалады.

Жұмыс уақыты – сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін. Келушілер интерактивті қондырғыларды, болашақ технологияларын, ғарышкерлердің киімдері мен ғарыштық аппараттарды және тағы басқаларын көре алады. Бұдан тыс, «Нұр Әлем» қонақтарға таңғажайып экспонаттарын ұсынады. «Үздік практикалар аймағы» мен Тақырыптық павильондардан жиырмадан астам экспозиция әкелінді. Олардың әрбірі жасыл технологиялар және баламалы энергия көздері саласындағы инновациялық әзірлемелердің соны үлгілері. Олардың арасында: «Әлем және энергия» кинетикалық мүсіні - біріктірілген әсерлері бар таңғажайып жарқын шоу, «Ақылды қала» жарық LED көрінісі, Solar Impulse моделі - күн энергиясы қуатымен ұшатын ұшақ та бар.

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы аналарға және 6 жасқа дейінгі балаларға сфераға кіру тегін.

Еске сала кетейік, ЕХРО көрме кешенінің аумағында мұз айдыны ашылды. Келушілерге ыңғайлы болу үшін конькилерді жалға беру, автокөлік иелері үшін жерасты паркингі және сақтау камералары қарастырылған. Мұз айдыны сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ақпара көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы