384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жаңажылдық мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді?

  • 577
  • UPD: 18:30, 30.12.2018
Астанада жаңажылдық мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді?

Астана қаласында мереке күндері қоғамдық көліктің көп пайдаланылатын бағдарлары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда тұрғындарының Жаңа жыл мерекесі күндері ірі сауда нүктелері мен ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 13-тен астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Дәлірек айтқанда, автобустардың саны арттырылады. Сондай-ақ, аталған бағдарлардың жүру интервалы 13-тен 9 минутқа дейін қысқарады.

Осылайша, №№ 2, 8, 9, 10, 11, 12, 19, 33, 37, 39, 40, 51, 71 бағдарлар қысқартылған интервалмен қатынайтын болады. Тұрғындарға қосымша 48 автобус қызмет көрсетеді.

 

Хабар 24 телеарнасы