389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда жаңа замануи автобекеттің құрылысы басталды

  • 618
  • UPD: 20:05, 30.12.2018
Түркістанда жаңа замануи автобекеттің құрылысы басталды

Сәтін салса, келер жылы игілікке беріледі. Онда жаңа 600 автобус 10 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мереке қарсаңында нысанның қазығы қағылып, іргетасы қаланды. Нысан аумағы - 2880 шаршы метр. Онда күту залы, билет кассалары, диспечерлік пункт, ана мен бала бөлмесі қарастырылған. Құрылыс аяқталған соң 50-ге жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Жобаға 1 млрд 857 млн теңге қарастырылған.

Ролан Ибрагимов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Жаңа автобекетпен қосымша жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұл жерде әуежай мен темір жол бекетіне баратын жол құрылысы жоспарланып, қазіргі таңда тиісті құжаттар әзірленіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы