383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да биыл мемлекет қолдауының арқасында 465 азамат өз ісін ашты

  • 456
  • UPD: 21:35, 30.12.2018

Солтүстік Қазақстан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, жоба аясында өз кәсібін ашқан ауыл азаматтары көп. Солардың бірі - Пеньково ауылының тұрығыны Арзу Мирзоев. Ол қой өсіріп, көл-көсір пайдаға кенеліп отыр.

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір. Солтүстікқазақстандық Арзу Мирзоев осы қағиданы ұстанады. Өзі 90-жылдары Әзірбайжаннан қоныс аударған. Биыл жеңілдетілген несие рәсімдеп, төрт миллион теңгеге 130-дан астам қой сатып алыпты. Енді оның санын 500-ден асырмақ жоспары бар. 

Арзу Мирзоев, Пеньково селосының тұрғыны:

- Әрине, өз күшіммен бұл істі бастай алмас едім. Ауылда тұрған соң көп ойланып, қой шаруашылығын дамытуға бел будым. Оның үстіне менің әкем де қой өсірумен айналысқан. Мұнымен қоса, қойлар көп күтімді қажет етпейді.

Болашақта Арзу тағы да мемлекет көмегіне жүгінбек. Себебі Зеңгі баба төлдерін сатып алмақ жоспары бар. «Өйткені ірі қара өсіру үшін өңірде бар жағдай жасалған»,- дейді азамат. Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 1,8 млрд теңгенің 561 жобасы қаржыландырылды. Оның 70% астамы ауылшаруашылығы саласына тиесілі.

Абылай Нұркенов, қаржы-несиелік ұйым филилалының директоры:

- Осы бағдарлама бойынша 900-дей жылқы, 1,5 мың қара мал алынды. 2 мың қой, 36 мың құс. Сондай-ақ кәсіпкер деген бағдарлама бойынша 170 бизнес жоба қаржыландырылды. Оның сомасы 800 мың теңгеге дейін.

Жалпы биыл өңірде мемлекет қолдауынның арқасында 465 азамат өз ісін ашты. Нәтижесінде 700-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы