389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендіктер жаңа жылды ерекше көңіл күймен қарсы алмақ

  • 652
Өскемендіктер жаңа жылды ерекше көңіл күймен қарсы алмақ

Өткен жылға өкпе жоқ. Келер жылдан күтер көп. Бұл – өскемендіктердің пікірі.

400 мыңға жуық тұрғыны бар шаһар 2019 жылды ерекше көңіл күймен қарсы алмақ. Қала көшелері мен саябақтар түрлі-түсті жарық шамдармен безендірілді. Ал орталық Абай алаңына биіктігі 20 метр болатын шырша орнатылды. Жасанды шыршаны қала билігі Ресейдің Екатеринбург қаласынан алдырған. Дегенмен табиғи шыршадан еш айырмашылығы жоқ. Сондай-ақ қаланың әрбір шағын ауданында сырғанақ алаңдары ашылды. Олардың бәрі қыс бойы тегін жұмыс істейді. Жалпы Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге биыл 62,5 миллион теңге бөлген. Бұл қаржыға сырғанақтар мен көпшілік көңіл көтеретін арнайы алаңдар ашылды.

БЛИЦ:

– Жаңа жылды үйде қарсы аламыз. Жанұямыздың мерекесі. Содан кейін бір-бірімізді құттықтап, туысқандарға барамыз.

– Мерекелік көңіл күйдемін. Ата-анама, достарыма сыйлық сатып алдым. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы