388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «7-20-25» бойынша жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді

  • 850
  • UPD: 20:39, 31.12.2018

Жаңа жыл қарсаңында Шымкентте «7-20-25» бағдарламасымен жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді.

Қоныс той иелерінің дені жас отбасылар. Оларға пәтер кілтін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов табыс етті. Әріптесім Нұрбек Байбосын құттықтап қайтты.

Шымкент шаһары мегаполис статусын алғалы халыққа тұрғын үй салуды үдеткен.  Мәселен, осы жылы қалада 819 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 9791 пәтердің құрылысы жүргізілген.Баспаналы болып жатқан азаматтардың дені жастар. Әсіресе олар «7-20-25» бағдарламасының игілін көруде. Осы тұрғын үй бағдарламасымен салынған үйлердің кілті жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға табысталды.

Жанат Мейірқұлова қаладағы ерекше балаларға арналған мектептердің бірінде дефектолог болып жұмыс істейді. Пәтер кезегінде тұрғалы бірнеше жылдар болыпты. Балаларының алды студент. Соңы мектеп жасында. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап күнелткен. Жанаттың бұл жайын ата-анасы түсіне келе қызы мен немерелеріне «7-20-25» бағдарламасы арқылы жаңа жылдық сый ретінде  пәтерді тарту еткен. Енді жанұя жаңа жылды су жаңа пәтерді қарсы алуды ойластырып қойыпты.

Жанат Мейірқұлова, қала тұрғыны:

-Алла бұйыртып баспаналы болып отырмыз. Құдай қаласа, іші керемет екен. Жақсы екен ұнады бізге баспанамыз. Үй-жайлы болсам деп армандаған азаматтардың барлығына шын жүректен тілеймін пәтерлі болсын. Жұғысты болсын.

Мұндағы  жаңа үйлерді  мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында мердігер мекеме өз қаражаты есебінен салыпты. Тұрғын үй кешенінде жеті қабатты 56 пəтерлі 14 тұрғын үй бой көтерген.

Әбжат Әкімов, серіктестік басшысының орынбасары:

- Қолжетімді бағдарлама тұрғын үй «7-20-25» бойынша халық келіп осы үйлерден бірінен кейін бірі алып жатқан жағдайы бар. Келесі үшінші кезеңімізде алты үйіміз бар. Ол беретін үйіміз 2019 жылдың наурыз айында жоспарланып отыр. Осы мөлтек ауданнан тағы 9 қабатты 3 үй саламыз деп отырмыз бағдарлама жоспарлап.

Шымшаһардағы тұрғын үйге қатысты тағы бір ақпар.  Жыл соңына дейін 188 мың шаршы метрді құрайтын 40 көп қабаттытұрғын  үй пайдалануға беріліпті. Сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен  жалпы 68 үйдің құрылысы жүріп жатса, оның 13-і жыл соңына дейін тапсырылған.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы