384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында қылмыстық істердің тергелуін электронды түрде қадағалауға болады

  • 724
  • UPD: 21:20, 31.12.2018

Санды технологияларға сырбойылықтар да жаппай бет бұрды. Жаңақорған ауданында мемлекеттік сатып алу, жерді жалға беру салаларындағы ірілі-ұсақты заң бұзушылықтар «Е-қылмыстық іс» жобасы аясында электронды форматта тергеле бастады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолданысқа енген «Әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімі» негізінде 2 мың азаматқа хаттама толтырылды. Сондай-ақ 26 теріс қылық пен ауыр емес қылмыс электронды түрде тергелді. Бұл қозғалған істің бұрмалануы мен жоғалуына жол бермейді. Әрі тергеу барысын қадағалаушы орган өкілдері бақылап отыруға мүмкіндік алды.       

Нұрболат Дүйсенбаев, Жаңақорған ауданының прокуроры:

-  Аудандық прокуратура 24 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күшін жойды. Қызметтік жалған жасау деректері бойынша кент әкімі, ауыл әкімі және бас маманға қатысты сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен кінәлі деп танылды. Мемлекеттік сатып алу барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін кент әкімінің орынбасары, бөлім басшылары және бас мамандар тәртіптік жазаға тартылды.

Хабар 24 телеарнасы