389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жүргізушілерге қатысты бірқатар жаңашылдық күшіне енді

  • 1202
  • UPD: 10:41, 01.01.2019

Бүгіннен бастап қазақстандық жүргізушілерге қатысты бірқатар жаңашылдық күшіне енеді.

Нақтырақ айтсақ, көлік құралын тіркеу куәлігіне микрочип салынып, формасы өзгереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ енді өзіңізбен бірге сақтандыру полисін алып жүру міндетті емес. Дегенмен, автокөлікті сақтандыру қажет пе? Жол полициясы оны қалай тексереді?

Әрбір жүргізуші өзімен бірге алып жүруі тиісті құжаттардың қатарынан сақтандыру полисі шығып қалды. Бірақ бұл көлікті сақтандыру қажет емес дегенді білдірмейді. Полицейлер оны біріңғай электронды база арқылы тексереді. Сол үшін еліміздегі тәртіп сақшыларының басым бөлігі арнайы планшетпен жабықталды.

Нұрсейіт Әбішев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы:

- Планшеттермен жабдықталған 92%. Ал егер кейбір жерлерде болмаған жағдайда олар өздерінің қолындағы рация арқылы кезекшіге звондап, жүргізушінің сақтандырылғанын, сақтандырылмағанын тексере алады.

Жаңашылдықты жүргізуішлер де қолдап отыр. Өйткені бұған дейін ереже бойынша егер сақтандыру полисің қолыңда болмаса, 12 мың теңге айыппұл салынатын.

Бұл бір жағынан жемқорлықтың жолын кеседі. Екінші жағынан көлікті сақтандыруға халық үйренді. Бұрын қауіпсіздік белдігін де ешкім таққысы келмейтін. Қазір әркім өзі үшін тағады. Сақтандыру да дәл солай жүргізушінің өзі үшін керек нәрсе. Бірақ кейбіреулер осындай оңтайлылықты теріс пайдаланып жатады.

Өте ыңғайлы, сөмкеңді ауыстырасың немесе басқа жағдай болып, сақтандыру қағазыңды ұмытып кетсең, айыппұл төлейсің. Енді ол туралы алаңдамасақ та болады. Онлайн жұмыс істеген ыңғайлы. Қолдаймын.

Биылдан бастап көлікті тіркеу куәлігі де ықшамдалады. Оның пішіні мен көлемі өзгеріп, көліктің тіркеу деректері толық жазылатын электронды микрочип орнатылады.

Ирина Лукьянина, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:

- Жүргізушінің барлығы көлікті тіркеу куәлігін ауыстыруға міндетті емес. Жаңа нұсқадағы куәлік кім көлігін жаңадан тіркеді сол азаматтарға беріле бастайды. Бірақ өз қалауымен тіркеу куәлігін аыстырғысы келетіндерге ешқандай шектеу жоқ.

Жаңа көлік куәлігін алу үшін жүргізуші мемлекеттік баж салығын төлейді. Оның құны шамамаен 3 мың теңге көлемінде болады.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Арман Ақшабаев, Әділғазы Төлеміс

Хабар 24 телеарнасы