389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалықтар жаңа жылды жаңаша қарсы алды

  • 773
  • UPD: 12:03, 01.01.2019
Қызылордалықтар жаңа жылды жаңаша қарсы алды

Қызылордада биылғы жаңа жыл мерекесінің жөні бөлек, жосығы ерек болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Уақыт белдеуінің бір сағатқа кейін шегерілуі бір бөлек, өңірде қалың қар жауып, тұрғындар жыл басын ақұлпаға орнаға қарсы алды. Еріктілер орталық алаңдағы шыршаның маңында думанды кеш ұйымдастырды. Келушілер ертегілер әлеміне енді. Өнерпаздарға ілесіп ән атты, биді де биледі.

Блиц 1:

- Алаңға жаңа жыл мерекесі сайын келемін. Алдыңғы жылға қарағанда биылғы жыл әсем безендірілуімен ұнады.

Блиц 2:

- Бізде көңіл-күй өте керемет, биылғы жаңа жыл өте қызықты. Күннің салқындығына қарамай адамдардың көңіл-күйі керемет. Жылда жақсы тойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы