419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгіннен бастап Талдықорғанда жылу ақысы арзандады

  • 1077
  • UPD: 12:15, 01.01.2019
Бүгіннен бастап Талдықорғанда жылу ақысы арзандады Baq.kz

Енді қала тұрғындары коммуналдық қызметтің бұл түріне 258 теңге кем төлейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ыстық судың құны да төмендеген. Елбасы пәрменінен соң өңірдегі 43 коммуналдық мекеме тариф құнын түсіріпті. Егер бұрын тұтынушы пайдаланған 1 киловатт-сағат электр қуаты үшін 16 теңге 39 тиын төлеп келген болса, енді жаңа жылдан бастап 14 теңге 68 тиын төлейтін болады.

Айжан Сәрсенбайқызы, Алматы облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы:

- Тек қана электр қуаты емес, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау тарифтері түсірілді. Сондай-ақ бұл жұмыс тағы да атқарылуда. Келесі айда аудандық су құбырларының тарифтері тағы да түсірілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы