383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа жаңа жылды қарсы алды

  • 825
  • UPD: 12:41, 01.01.2019
Еуропа жаңа жылды қарсы алды

Лондон жаңа жылды Темза өзені бойындағы ауқымды отшашумен қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл шараны тамашалауға 100 мыңнан аса тұрғын мен қонақтар жиналған. Елдің басты пиротехникалық шоуы былтырғыдай танымал «Лондон көзі» дөңгелегінде өтті.

Сондай-ақ Париж де 2019 жылды отшашу және жарықтандырылған шоумен қарсы алды. Франция Ішкі істер министрлігінің ақпары бойынша лаңкестік әрекет немесе жоспарланған наразылық шарасының алдын алу үшін елде қауіпсіздік күшейтілді. Көшедегі тәртіпті 150 мың полиция қызметкері мен елдің қарулы күштері қадағалады.

Хабар 24 телеарнасы