424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәмелетке толмаған балалардың шетелге шығатын төлқұжаты болуы керек

  • 1081
  • UPD: 14:10, 01.01.2019
Кәмелетке толмаған балалардың шетелге шығатын төлқұжаты болуы керек

Кәмелет жасына толмаған балалардың да шетелге шығатын төлқұжаты болуы керек.

Осындай заңнамалық өзгерістер бүгін күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, күні кешеге дейін балалар туралы деректер мен олардың фотосуреттері ата-аналарының төлқұжатына жазылып, жапсырылып келді. Ішкі істер министрлігіндегілер мұны бірқатар шетелде лаңкестік қауіптің алдын алу мақсатында қолға алынған қатаң талаптармен байланыстырып отыр. Мәселен баламен саяхатқа шықсаңыз, оның төлқұжатынсыз АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері мен Шенген аймағына ену мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы