424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

  • 1695
  • UPD: 14:20, 01.01.2019
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

Бүгіннен бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері бір жарым есе жоғарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, 28 мың теңге көлемі тағы 14500-ге толықты. Осыған байланысты тәулігіне 8 сағат жұмыс істейтін қызметкерлерге 42500 теңгеден төмен жалақы төлеу заңға қайшы болмақ. Жаңашылдық 1 млн 300 мың азаматты қамтиды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры Гүлнәр Әлімбекованың айтуынша, бюджеттік салада жалақысы төмен қызметкерлердің саны 275 мыңға жуықтайды. Осы мақсаттарға ел қазынасынан жылына 86 млрд теңгеден бөлінеді.

Гүлнәр Әлімбекова, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры:

- Сондай-ақ 300 мыңнан астам азаматтық қызметкердің жалақысы да жоғарылайды. Алайда олардың айлығындағы өзгеріс үлкен болмайды. Дегенмен, ең төменгі айлық алатын жұмысшының жалақысы жоғарыласа, лауазымы жоғары қызметкердің де айлығы сәл де болса өсетіні сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы