422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-лық емханалар медициналық карталардан арыла бастады

  • 1318
  • UPD: 15:28, 01.01.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы емханалар 2019 жылдың алғашқы айларынан бастап әдеттегі медициналық карталардан арыла бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, әрбір мекемеге тіркелген тұрғындардың денсаулық паспорты ашылып, ол жерде науқас туралы барлық деректер электронды нұсқада жинақталады. Бұл мақсатта өлкедегі медициналық мекемелер үшін 3700 дана компьютер сатып алынды.

Медициналық ақпараттық жүйе игілігін Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік емханалардың барлығы, ал жекеменшіктердің 87% көріп отыр. Солардың бірі - Меновное кентінендегі шағын емхана. Аталған мекемеге 20 мыңға жуық тұрғын тіркелген.

Қазір мына жерде 2 мыңнан астам балалардың медициналық картасы жиналып тұр екен. Жуық арада осы сөрелердің барлығы да босайтын болады. Өйткені осындағы деректердің барлығы электронды анықтамалыққа енгізіледі. Осылайша, дәрігерлердің де ,келушілердің де шаруасы жеңілдейді.

Айта кету керек, бүгінде бұл жерде ересектерге арналған медициналық карталар мұрағатқа жіберіліпті.

Осылайша, том-том медициналық карталар тарих толқынына сіңіп барады. Есесіне, қағазбастылық азайды. Бұрын дәрігерге жазылу үшін сағаттап қоңырау шалып немесе арнайы келіп талон алу керек болса,қазір соның барлығын ұялы телефондағы қосымша арқылы атқаруға болады. Тіпті науқастың талдамасы мен қажетті нұсқамалары да осында сақталған. Кішкентайын педиатрға қаратуға келген Назгүл электронды қызметті тиімді қолданып жүргендердің бірі.

Назгүл Кенжебекова, Меновное кентінің тұрғыны:

- Осында келіп кезек күтетінбіз. Бала мазасызданады. Сол үшін маған өзім үйде отырып, өзіме ыңғайлы уақытты таңдап, қай уақыт ыңғайлы,алдын ала уақыттары жазылып тұрады.

Медицинаның цифрлы жүйеге көшуі емделушінің де, дәрігердің де, тиісті басқарушы органдардың да қызмет сапасын арттырады. Ксения Юдина бұрын кешкі 7-8ге дейін жұмыста отыратын. Ал қазір бір күнгі жұмысы реттеулі. Қанша адам қабылдауға жазылды, қанша үйге шақырту бар, барлығы көрініп тұр.

Ксения Юдина, педиатр:

- Мысалы бүгін менің жұмыс кестем толық. Жиырма шақты баланы қараймын, 3 шақырту түсіпті. Оларға да барамын. Яғни, бұрынғыдай ұзын сонар кезек аяқталғанша отырмаймыз.

Ақпараттық технологияның артықшылығы ауданда орналасқан емханаларға да жетіп отыр.

Марат Шоранов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Алыс аудандарда интернетпен мәселелер бар, біздің халқымыздың 93% қазіргі уақытта интернетпен қамтасыз етілген. Олар өздерінің  тіркелген мекемелері, медициналық мекемелері 100% интернет қолданады.

Сонымен қатар аймақта ситуациялық орталық қызметке қосылған. Ол бойынша облыстағы әрбір медициналық мекемеге тиесілі жүктеме мен жұмсалған қаражат толықтай бақылауда болады.

Авторлары: Э.Ахметова, А.Төлепов

Хабар 24 телеарнасы