419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде суық су мен кәріз қызметіне тариф арзандады

  • 1529
  • UPD: 15:27, 01.01.2019

Жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап жаңа баға енгізіледі.

Монополист мекеме судың бағасын 7%, кәріз қызметін 1,8% төмендетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни ақтөбеліктер бұрын суық судың текше метріне 84 теңге 25 тиын төлесе, енді 78 теңге 36 тиын төлейді. Кәріз қызметі тұрғындар үшін 67 теңге 57 тиын болып бекітілді. Бұрын бұл қызмет 70 теңгенің шамасында болды. Ал мекеме, кәсіпорындар үшін 2 есе жоғары баға болады. Қаланы сумен қамтып отырған монополист мекеменің бұл қадамға баруына тұтынатын электр қуаты бағасының арзандауы себеп болыпты. Сондай-ақ өңірде жеке тұлғалар үшін табиғи газ бағасы 10,2%, заңды тұлғалар үшін 7% арзандады. Компанияның мәліметінше, көгілдір отынның көтерме бағасы мен тасымалдау қызметі құны төмендеген. Сондықтан тұрғындарға жететін газ да арзан болып отыр.

Динара Жаналина, Коммуналдық кәсіпорынның баспасөз хатшысы:

- Қаңтар айының басынан бастап электр энергиясын тасымалдау тарифі төмендеді. Ақтөбе жылу электр станциясы электр қуатының тарифін арзандатып отыр. Осының есебінен, біздің кәсіпорын суық су мен кәріз тарифін төмендететін болып шешті. Бұл тұрғындар үшін тиімді болмақ.

Хабар 24 телеарнасы