419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысының киелі жерлеріне виртуалды экскурсия жасалады

  • 2328
  • UPD: 16:32, 02.01.2019
Қостанай облысының киелі жерлеріне виртуалды экскурсия жасалады

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қостанай облысының мәдениет мекемелерімен 53 жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау, заманауи қазақстандық мәдениетті дамыту және оны насихаттауға 178 миллион теңге жұмсалды. Жаңадан анықталған киелі жерлерінің тізімін қалыптастыруға баса мән берілді. Өңірдегі 29 сакралды нысандардың инфрақұрылымын жасау мен қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жол картасы бектілді. Ал 2019 жылдан бастап қостанайлықтар киелі жерлерге виртуалды экскурсия жасай алады.

Ерлан Қалмақов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

- Бірнеше біздің киелі нысандарға демеушілердің көмегімен тағзым жасайтын азаматтарға арнайы үйлер салынды. Одан қалды Ыбырай Алтынсариннің туған жеріндегі Омар құдығы қайта жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді. Сондай-сондай нысандарға демеушілердің қолдауымен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс 2019 жылы да жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы