418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте барлық коммуналдық қызмет бағасы төмендеді

  • 2301
  • UPD: 12:39, 03.01.2019

Шымкентте бүгіннен бастап барлық коммуналдық қызмет бағасы төмендеді.

Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қалалық департаменті өкілдері мәлім етті. «Тарифтің төмендеуінен халық біршама қаржысын үнемдейді», – дейді сала мамандары. Мәселен, шаһарда жылу бағасы бір шаршы метрі үшін 142,31 теңгеден 110,78 теңгеге төмендеген. Сондай-ақ сумен жабдықтау құны да бір текше метрі үшін 97,97 теңгеден 88,17 теңгеге, яғни 7,5 процентке арзандаған. Ал бюджеттік мекемелер үшін судың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал тұрғындар үшін көгілдір отын 5,8 пайызға арзандаған. Бұрындары газдың бағасы шаршы метріне 34,47 теңге болса, жаңа жылдан бастап халық газбен жабдықтауға 32,47 теңге төлейтін болады. Электр жарығының киловатт сағатына бұрындары 15,72 теңгеден төлесе, қаңтардан бастап тариф құны 14,64 теңге болып өзгерді. Сонымен бірге қаладағы тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметі 12 пайызға, лифт қызметі 10 пайызға, пәтер иелері кооперативтерінің қызметі 11 пайызға төмендеген. Алдағы уақытта Шымдағы екі бөлмелі пәтердің иелері шамамен 1 340 теңге көлемінде үнемдейтін болады.

Дархан Қайыңбердиев, ТМРБжТҚҚ комитетінің қалалық департаменті басшысы:

– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендеді. Жалпы тарифтердің төмендеуі 12 табиғи монополия субьектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарық субьектілерін қамтып, барлық тұтынушылар үшін үнемделген қаржы шамамен 4 миллиард теңге болады.

Хабар 24 телеарнасы