389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді?  

  • 1906
  • UPD: 20:23, 01.01.2019
Шымкентте жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді?  

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкентте жаңа жыл түні дүниеге келген нәрестелердің дені – ұл балалар.

Шаһардағы перзентханаларда 27 ұл, 12 қыз бала өмір есігін ашқан. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мамандары хабарлады. Әсіресе, қаладағы басты перинаталдық орталықта туған нәрестелер саны басым. Жуырда үшемді дүниеге әкелген жас ана да жаңа жылды перзентханада қарсы алған. Қазір шала туған сәбилер дәрігерлердің бақылауында.

Сергей Новик, қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары:

– Өткен ит жылының соңғы күні мен доңыз жылы кірген түні 13 нәресте дүние есігін ашты. Оның 8 – ұл бала, бесеуі – қыз. Қазір сәбилер анасымен бірге, жағдайлары жақсы. Қуаныштысы, біздің перинаталдық орталықта оқыс оқиғалар мен келеңсіз жайттар болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы