384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық жастар жаңа жылға 90 жастағы қарияның батасымен қадам басты

  • 940
  • UPD: 08:22, 02.01.2019

Елбасы айтқан 2019 жыл - жастар жылына Маңғыстау жастары ақсақалдардың ақ батасымен қадам басты.

Олар биылға жоспарланған игі істерді қариялардың батасымен бастауды жөн көрді. Қазақ xалқы бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге тәрбиелеген. Осыны ту еткен бір топ белсенді жастар ата салтынан аттамай, алдымен жасы тоқсаннан асқан Лепес қажы мен соғыс ардагері Үмбеталиқызы Қамқа әжейдің батасын алды. Айта кету керек, биыл жергілікті жастар қарттарға қамқорлық көрсетіп, тың бастамаларды қолға алмақ.

Хабар 24 телеарнасы