422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ІІМ полицейдің бейнежазбасына қатысты түсініктеме берді

  • 1597
  • UPD: 13:25, 03.01.2019

Қазақстандықтардың сынына ұшыраған ғаламтордағы полицейдің бейнежазбасына қатысты бүгін еліміздің Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Роликте полиция қызметкерінің формасын киген азамат әріптестерін жаңа жылмен құттықтаған.

Бұл кадрларды санаулы уақыт ішінде мыңдаған адам қарап шыққан. Осыған орай Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев өз парақшасында бейнежазбаның зерттелгендігін мәлімдеді. Оны 2018 жылдың 31 желтоқсанында Ішкі істер министрлігінің Қарағандыдағы академиясының бірінші курс басшысының орынбасары түсірген.

«Қазір аталмыш жағдайға байланысты тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша бейнежазбаны түсірген қызметкер мен оның басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Тіпті жұмыстан шығарылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы