389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жел электр станциясы салынады

  • 854
Ақтөбе облысында жел электр станциясы салынады

Ақтөбе облысында қуаты 48 мегаватт болатын жел электр станциясы салынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздегі ірі қуат көзінің біріне айналуы тиіс жобаның құны – 33 миллиард теңге. Бұл бастама Италия инвесторларының Қазақстанда энергия өндіру саласындағы алғашқы жобасы болмақ. Қарғалы ауданында орналасатын нысанда 13 турбина салынады. Құрылыс жұмыстарына 300-ден астам азамат жұмылдырылады. Жаңа өндіріс орны келер жылдың соңғы тоқсанында қолданысқа берілуі тиіс. Нәтижесінде өңірді сағатына 198 гигаватт электр энергиясымен қамтуға мүмкіндік туады.

Болашақ экономикасының негізі баламалы энергия көздері болатындығын ескерсек, бұл жобаны жүзеге асыру елеміздің жасыл экономикаға көшу жоспарымен толықтай сай келеді. Елбасы да өз Жолдауында бұл мәселеге аса ерекше көңіл бөлетіндігі белгілі. Және жел электр станциясы өңірдегі электр қуатының тапшылығын азайтатын болады.

Хабар 24 телеарнасы