389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жаңа жыл түнінде 22 сәби дүниеге келді

  • 707
  • UPD: 18:51, 03.01.2019

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жыл түні 22 нәресте дүниеге келді. Олардың басым бөлігі - қыз балалар. Дәрігерлер демографиялық жағдайы төмен өңір үшін бұл жақсы көрсеткіш екенін айтып отыр.

16 сәби облыстық перинаталдық орталықта, қалғандары Ғабит Мүсірепов, Есіл және Айыртау аудандардағы бөлімшелерде туған.

Айша Балғабай, қала тұрғыны:

- Барынша тырыстым жаңа жылды отбасыммен қарсы алуға. Бірақ болмады. Дүниеге келгісі келді мына қыздың. Осындай бақытпен 2019 жылды бізге ашып берді. Бақыттымыз. Папасы да қуанышты. Барлық отбасымызбен қуанып жатырмыз.

Жанна Мауытова, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:

- Статистикаға сүйенсек, 2017 жылы бізде 6 бала, 2018 жылы 8 шақалақ дүниеге келді. Ал биыл міне оның саны екі есеге дейін артып отыр. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Бүгінгі күні сәбилер мен аналардың денсаулығы жақсы. Алды үйлеріне жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы