387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Жаңа жыл мерекесі күндері 20 адам астан ұшынған

  • 545
  • UPD: 18:15, 03.01.2019
Елордада Жаңа жыл мерекесі күндері 20 адам астан ұшынған

Елорда жаңа жылдық мереке күндері 20 адам тамақтан уланып қалды. Бұл туралы Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы айтты.

«2018 жылыдң 30 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында қалалық инфекциялық ауруханаға өткір бактериялық-ішек инфекциясы диагнозымен 20 адам жүгінді. Олардың 16-сы ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаторлық ем алу үшін тұрғылықты жерлеріне жіберілді», - делінген басқарма хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство мәліметінше, балалар инфекциялық ауруханасына өткір бактериялық-ішек инфекциясы диагнозымен 1 бала жатқызылған. «Барлық пациенттердің жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағаланды. Олар аурухана мамандарының бақылауында», - деді басқармадан.

Хабар 24 телеарнасы