427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы жұртшылығы мемлекет қайраткері С.Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салды

  • 1476
  • UPD: 22:52, 03.01.2019

Алматы жұртшылығы соғыс ардагері, партия және мемлекет қайраткері Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салды.

98 жасқа қараған шағында өмірден озған Сұлтан Сүлейменұлы 1941 жылы Алматы қаласында жасақталған 100-дербес қазақ атқыштар бригадасының ротасына старшина болып тағайындалып, кейін взвод командирі болады. Соғыстан елге аман оралған ол түрлі жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, білікті басшы және іскер ұйымдастырушы ретінде еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы Сауда министрі және Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып, өзі басшылық жасаған салалардың дамуына көп еңбек сіңірді. Қаралы жиында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын жеткізді.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- Ағамыздың өнегелі өмірі Алматы қаласымен тығыз байланыста болған. Осы қалада ағамыз дүниеге келген. Осы қаладан Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыстан кейін көп жылдар әртүрлі жоғары лауазымды қызметтерде еңбек сіңірген нәтижелі. Ағамыздың өнегелі өмірі жас ұрпаққа кейінгі буындарға үлкен үлгі.

Кеңес Аухадиев, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Қонаев қоры құрылды. Дінмұхамед Ахметұлы халықаралық қоры осы уақытқа дейін еңбек етіп жатыр. Бүкіл жер жүзіне тарайды. Димекеңе Сұлтекеңнің сіңірген еңбегі. Тағы айтып кететінім, ол кісі осы өмірінің соңына дейін ол кісі туралы кітап жазды ғой. Үлкен соңғы кітабын Димекеңе арнап жазып кетті.

Хабар 24 телеарнасы