419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында заңсыз шырша ұрлағандарға айыппұл салынады

  • 1816
  • UPD: 07:57, 04.01.2019
Ақмола облысында заңсыз шырша ұрлағандарға айыппұл салынады inform.kz

Ақмола облысында 2018 жылдың қараша және желтоқсан айларында 22 шырша ағашы заңсыз кесілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заң бұзғандар 700 мың теңгеден астам шығын келтірген. Жалпы өткен жылы облыстағы ормандарда 46 ағаш кесу дерегі тіркеліпті. Соның салдарынан орманның 220 шаршы метрі оталған. Ал жазықтыларға 15-тен 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, Ақмола облысында 1 млн гектардан астам орман алқабы бар. Оларды қорғаумен және көбейтумен 22 мемлекеттік мекеме айналысады. Орманшылардың көмегімен өткен жылы 7 мың гектардан астам жерге ағаш отырғызылған.

Арман Тұрымбаев, облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі:

- Заңсыз ағаш кесу дерегінің алдын алу үшін облыста 2018 жылы 85 жедел топ жұмыс істеді. Өңір бойынша 39 жерден стационарлық бекеттер қойылды. Қазір де олар өз қызметтерін жалғастыруда.

Хабар 24 телеарнасы