389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда сүрілген апатты үйдің орнына жаңасы салынды

  • 557
  • UPD: 09:54, 04.01.2019

Оралда мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында салынған тағы бір көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қабырғасы өткен ғасырдың ортасында қаланған 2 қабатты ескі үй 2017 жылы сүрілген еді. Апатты деп танылған бұл ғимаратта 12 отбасы тұрып келді. Қазір олардың барлығына жаңа үйден өздері тұрған баспаналарының көлеміне сәйкес пәтерлер берілді. Қалған пәтерлерді мердігер мекеме «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары аясында сата алады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында қалада 11 апатты үй бұзылып, 50-ден астам отбасы жаңа баспаналарына қоныстанып үлгерді.

Алтай көлгінов, облыс әкімі:

- Өткен жылы біз 3500 пәтердің құрылысын бастадық. Соның біразын 201- де тапсырдық, қалғанын биыл тапсырмыз. Ал биыл Ақжайық ауданы жаңадан бой көтереді. Инженерлік желілер бәрі «Нұрлы жерге» сәйкес алып келінді, енді «7-20-25» бағдарламасымен және жеке инвестициямен үйлер салынатын болады.

Өтеген Сұлтанғалиев, қала тұрғыны:

- Бұрын біздер тұрған үй нашар болды. Дәретханасы сыртта, суы жоқ ішінде. Енді мына үйді бізге салып берді. Үй жақсы. Бұрын бізде 2 бөлме болса, қазір 3 команат алып жатырмын. Бұрынғымен салыстырсақ, арасы жер мен көктей.

Хабар 24 телеарнасы