421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Полиция бастығы өз қызметкерлерінен ақша алып отырған

  • 1675
Полиция бастығы өз қызметкерлерінен ақша алып отырған Zakon.kz

Қостанай облысында өткен аптада парақорлыққа қатысты бірнеше лауазымды қызметкер ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Қостанай облысының Жітіқара қалалық және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығы және осы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті деп танылды. 2018 жылдың 21 желтоқсанында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Жітіқара қалалық және Жітіқара аудандық полиция бөлімінің бастығы және осы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы 1,5 млн теңге сомасында пара алу барысында ұсталды. Күдіктілер бағынышты қызметкерлеріне бұрын үстемақы ретінде төленген ақша қаражатына заңсыз алым-салықты іске асырған», - деді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.

Оның айтуынша, 2018 жылдың 22 желтоқсанында Қостанай қалалық мамандандырылған тергеу сотымен бөлім бастығына қатысты қамауда ұстау шарасы санкцияланған. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің  бастығына қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Сонымен бірге, Арман Бердалин Қостанай облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті деп танылғанын айтып өтті.

«Қостанай облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Олар жеке меншік кәсіпорын директорынан 4,4 млн теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деді ол.  

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы