387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсуда ерекше балаларға арналған оңалту орталығы жұмысын бастады

  • 914
Ақсуда ерекше балаларға арналған оңалту орталығы жұмысын бастады

Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында жаңа реабилитациялық орталық жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекеме заманауи үлгіде жабдықталған. Онда сал ауруына шалдыққан және тірек-қимыл қозғалысы бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әр науқасқа жеке сауықтыру бағдарламасы әзірленген. Мұнда балаларды қоғамға бейімдеу үрдісіне баса назар аударылады. Сонымен қатар дене шынықтыру, иппотерапия сабақтары да жүргізіледі. Мүгедек балаларды ата-аналары орталыққа күн сайын жеткізіп отырады. Ал Ақсудың ауылдық аймақтарында тұратын бүлдіршіндердің бес күн жатып емделуіне жағдай жасалған. Атап өтерлігі, жаңа орталық мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында бой көтерді. Мұнда білікті мамандар қызмет етеді.

Балғабай Ыбыраев, Ақсу қаласының әкімі:

– 1,5 жастан 18 жастағы балаларға медициналық және әлеуметтік, психологиялық көмек жасап, балаларды ортаға бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Керекті дәрігерлердің бәрі бар.

Бижамал Есжанова, емделушінің анасы:

Осында әлеуметтік орталығында медицина жағынан әр мамандар біздің балалармен жұмыс атқарады. Сол жұмыстары алға басып, балалар ел қатарына қосылып, барлығы жақсы болсын деймін.

Хабар 24 телеарнасы