424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан - Шымкент пойызы жолға шықты

  • 2315
Түркістан - Шымкент пойызы жолға шықты

Бүгін Түркістан мен Шымкент қалаларын байланыстыратын жүрдек пойыз жолға шықты.

Салтанатты рәсімге облыс басшысының орынбасарлары мен ардагер теміржолшылар және қала тұрғындары қатысты. «Түркістан-Шымкент» бағытындағы пойыз аптасына екі рет жүреді. Жылжымалы құрам жұма күні кешкі сағат 19:25-те Түркістаннан шығып, 21:45-те Шымкент қаласында болады. Ал кері қарай дүйсенбі күні таңертең сағат 5:45-те шығып, сағат 8:00-де Түркістан шаһарына жетеді. Жол жүру уақыты – 2 сағат 15 минут. Жалпы екі вагоннан тұратын пойызда 175 орын бар. Қалааралық пойыз қазіргі заманғы жылыту және салқындатқыш жүйесімен, сондай-ақ арбадағы мүгедектерге арналған көтергіш құрылғылармен жабдықталған. Жол ақысы – 609 теңге. Бұл әсіресе, киелі шаһарға қатынап, жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер үшін өте қолайлы болмақ.

Байдәулет Байғозиев, жолаушы:

– Аталған бағыттың жұмыс кестесі барлық қызметкерлерге өте ыңғайлы. Дүйсенбі күні Шымкент қаласынан шығып, аптаны аяқтап, жұма күні қайтуға өте ыңғайлы қарастырылған. Бұған дейін қоғамдық көліктермен келіп жүрген болатынбыз. Ал енді кедергісіз келіп кеуге үлкен көмек болып тұр.

Мұхтарбек Сүлейменов, тасымалдаушы компанияның бас директоры:

– Бұл пойыздың негізгі ерекшелігі, Шымкенттен Түркістан қаласына қатынайтын жолаушыларды тез, әрі жылдам, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында шықты. Егер сұраныс болып жатса, әрі қарай көбейтуге болады.

Хабар 24 телеарнасы