384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық студенттер ерекше флешмоб өткізді

  • 756
Елордалық студенттер ерекше флешмоб өткізді

Елбасының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы бастамасын елордалық студенттер қолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өз ықыластарын білдіру мақсатында ерекше флешмоб өткізді. «Көк туымыз мәңгі желбіресін» деген ниетпен көк аспанға тумен түстес 300 шар ұшырды. «Жалынды жастар» деп аталатын марафон Байқоңыр ауданындағы колледждердің бірінде бастау алды. Оқу орны бір ай бойы жастармен түрлі шаралар өткізуді жоспарлаған. Кейін кезек өзге білім ошағына беріледі. Биыл Байқоңыр ауданының басшылығы жастардың қатысуымен 200-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Сержан Есжанов, студент:

– Бұл жастар жылы тарихи кезең деп білемін. Себебі жастар жылының жалынды жастарға берері көп.

Қуандық Құдайбергенов, колледж құрылтайшысы:

– Елбасының мақсаты – жастардың энергетикасын, жастардың білімін елдің қызметіне, экономикаға салу. Өйткені қоғамда шешілмеген проблемалар көп.

Хабар 24 телеарнасы