424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған әжейді тірілтіп алды

  • 1669
  • UPD: 07:55, 05.01.2019
Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған әжейді тірілтіп алды

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған әжейді ажалдан арашалап қалды. Инфаркт алған 90 жастағы кейуана қалалық кардиологиялық орталыққа жеткізіліп, ем қабылдауда.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақырту таңғы таңғы сағат 05:30 шамасында түскен.

«4 қаңтар күні  қаладағы жедел жәрдем стансасына 90 жастағы әжейдің денсаулығы нашарлап, ес-түссіз жатқандығы туралы хабар түскен.  Шақыртуға барған мамандар зейнеткердің инфаркт алғандығын анықтап, шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсеткен. Жедел көрсетілген реанимациялық көмектің нәтижесінде азаматшаның жүрек қағысы қайта қалпына келіп, қалыпты жағдайға түсті», - делінген хабарламада.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы